«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да жаңа Конституция жобасы және Бүкілхалықтық референдумды өткізу тәртібі талқыланды.

«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да жаңа Конституция жобасы және Бүкілхалықтық референдумды өткізу тәртібі талқыланды.

Кездесуге орталық аппараттың еңбек ұжымы, сондай-ақ онлайн форматта компанияның өңірлік өкілдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты — жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңызын талқылау болды.

Компания Президенті Сәкен Әлібеков жаңа Конституция өткен жылдардың жетістіктерін сақтай отырып, әрбір азаматтың мүддесін басты орынға қоятын болашаққа апарар көпір екенін атап өтті. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум ел дамуының бағытын айқындайтын тарихи таңдау болып, тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әрбір азамат үшін әлеуметтік кепілдіктерді нығайтады. Бұл шараға қатысу — тек құқық қана емес, сонымен қатар өз мемлекетінің болашағы үшін жеке азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

Кездесу барысында қатысушылар әділетті әрі прогрессивті қоғам құруға, сондай-ақ елдегі демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсынылып отырған түзетулердің мәніне жан-жақты тоқталды.

Конституциялық реформа Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды қадам екені және әрбір азаматтың саналы қатысуын талап ететіні атап өтілді. Әңгіме барысында «Көліктік сервис орталығы» АҚ қызметкерлері Негізгі заңдағы өзгерістердің азаматтардың әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттің құқықтық жүйесіне қалай әсер ететіні жөнінде жан-жақты ақпарат алды.

 

На встрече приняли участие трудовой коллектив центрального аппарата, а также в онлайн режиме работники региональных представительств компании.

Основной целью встречи стало разъяснение ключевых положений новой Конституции и обсуждение значимости предстоящего республиканского референдума.

Президент компании Сакен Алибеков подчеркнул, что новая Конституция выступает мостом в будущее, который сохраняет достижения прошлых лет, но ставит интересы каждого гражданина во главу угла. Предстоящий 15 марта 2026 года республиканский референдум станет историческим выбором вектора развития страны, который обеспечит стабильность и усиление социальных гарантий для каждого гражданина страны. Участие в этом событии является не только правом, но и важным проявлением личной гражданской ответственности за будущее своего государства.

Участники встречи подробно остановились на сути предлагаемых поправок, направленных на построение справедливого и прогрессивного общества, а также на укрепление демократических институтов в стране.

Было отмечено, что конституционная реформа является важным шагом в политической модернизации Казахстана и требует осознанного участия каждого гражданина. В ходе беседы работники АО «Центр транспортного сервиса» получили исчерпывающую информацию о том, как изменения в Основном законе отразятся на социальной защите граждан и правовой системе государства.

 

ru_RURussian