> Информация > Кірме жолдар қызметтерін көрсету мәселесі бойынша комплаенс өткізу туралы

Кірме жолдар қызметтерін көрсету мәселесі бойынша комплаенс өткізу туралы


26-02-2021, 10:21. : adminnewaocts
Бүгінгі күні кірме жолдар нарығында қиындықтар туындап жатыр, атап айтқанда, контрагенттердің кірме жолдардағы жұмыстарды орындауға қол жеткізуіне тең жағдайларын қамтамасыз етуге және баға саясатының ашықтығын қалыптастыруға байланысты мәселелер орын алуда.
Біздің компания Қазақстан Республикасы кірме жолдарының ірі баланс ұстаушыларының бірі болып танылады. Осыған байланысты біз кірме жолдар нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге мүдделіміз.
Бүгінгі күні «КСО» АҚ-ы өзінің бәсекегелістікті қолдайтын және сақтайтын мінез-құлықты ұстанатынын және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және жалпы Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығымен ашық монополияға қарсы комплаенс жасасу туралы мәселені әзірлеп жатқаның хабарлайды.
Біз монополияға қарсы комплаенс жобасында монополияға қарсы заңнаманың талаптарының бұзылу тәуекелдерін болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-шаралар мен процедуралардың тұтас кешенін қамтитын адал бәсекелестік қағидаттарын енгіздік.
Сондай-ақ, осы институтты енгізу жосықсыз бәсекелестіктің көптеген тәуекелдерін ескеруге және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының нормаларын бұзудың алдын алуға, рұқсат етілген келісімдердің прецеденттерін құруға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді деп санаймыз.
Бүгінгі таңда монополияға қарсы комплаенс жобасын тұтынушылар мен контрагенттердің пікірлері мен мүдделерін ескеру үшін өзіміздің ресми сайтымызда орналастыру жоспарланып отыр.
Біз тараптардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қабылдап тыңдауға дайынбыз және талқылауға ашықпыз.
«КСО» АҚ-ның кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтері бойынша қандай да бір сұрақтар, ескертулер болған жағдайда, мүдделі тұлғалардан келесі байланыс деректері бойынша хабарласуды сұраймыз:
Телефон: + 7 (7172) 64-34-05
E-Mail: Kense@aocts.kz
«КСО» АҚ-ның басқарушы директоры Чен Виталий Викторович