Құрметті клиенттер, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 15-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 110-НҚ бұйрықтың «Жүріп өту» қызметін көрсету бөлігінің бүгінде күші жойылуына байланысты сіздерге «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамында көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасы өзгергенін хабарлаймыз.
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының 2022–2026 жылдарға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтері бойынша 2025 жылғы 15 мамырдағы № 53-ОД бұйрығының 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылға дейін қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.
Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф:
- 2025 жылға – вагон/км үшін 161,7 теңге (ҚҚС-сыз)
- 2026 жылға – вагон/км үшін 166,6 теңге (ҚҚС-сыз)
Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф өзгеріссіз қалады:
- 2025 жылға – вагон/км үшін 17,6 теңге (ҚҚС-сыз)
- 2. 2026 жылға – вагон/км үшін 18,1 теңге (ҚҚС-сыз)
Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарайсыз деп үміттенеміз және ынтымақтастығымыздың жалғасқанын тілейміз.
Құрметпен, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы.

