«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да көрсетілетін қызметтер
Қоғамның негізгі миссиясы — теміржол көлігімен жүк тасымалдауға ілеспе қызметтер көрсету, яғни жылжымалы құрамды тиеу-түсіру орындарына беру және жинауды жүзеге асыру үшін Қоғамның кірме жолдарын ұсыну. Кірме теміржол қызметтерінің нарығы — жетекші салалардағы өндірістік кәсіпорындар мен жалпы пайдаланымдағы көлік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды буын. Қоғам барлық тасымалдаушыларға кірме жол қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал олардың өзара іс-қимылы шарт негізінде айқындалады.
«Бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру», кірме жолдарды пайдаланған қызметті «вагон-шм» көлемімен есептеу;
«Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрып қалуы үшін кірме жол беру» — бұл көлемі «өндірістік операциялардың вагон-сағаты» қызмет өлшеуішімен сипатталатын қызмет.
Жоғарыда көрсетілген қызмет бойынша Қоғам табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің республикалық бөліміне енгізілген.
