Компания туралы

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 233 қаулысына «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі — Қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы сәйкес «Темір Триумф» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысы қабылданды.

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының кірме жолдарының клиенттерге бағдарланған ірі теңгерім ұстаушыларының бірі.

Теміржол кірме жолдарына жекелеген кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге қызмет көрсетуге арналған жолдар жатады. Олар жалпы теміржол желісімен үздіксіз рельс жолтабанымен байланысқан. Кірме жол – жол шаруашылығынан, қойма құрылғыларынан, тиеу-түсіру механизмдерінен, жылжымалы құрамды өлшеу аспаптарынан, мөлшерлеу құрылғыларынан, сигнал беру және байланыс құрылғыларынан, яғни тиеу, түсіру және маневрлік жұмыстарға қатысы бар барлық жабдықтан тұратын теміржол кешені.

Теміржолдағы кірме жолдар үлкен рөл атқарады: оларда тасымалдау процесі басталып, аяқталады, сондай-ақ жүк операцияларының негізгі бөлігі орындалады.

kkKazakh