Бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін, кірме жолды беру жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін төлемақыны есептеу.
1. Жылжымалы құрамның жолдармен өтуі үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі жылжымалы құрамның санымен (ГУ-46 беру-әкету ведомосына сәйкес) және пойыздың қашықтығымен сипатталады және «вагон-километрмен» өлшенеді.
2. Жүруге көзделген қашықтық кірме жолдың техникалық паспорты бойынша, кірме жолдың жалпы ұзындығына сәйкес анықталады.
3. Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифті уәкілетті орган бекітеді, ол 207 теңге.
Қызмет көрсету көлемін есептеу (вагон-шм)
- S1=Q1*T1, онда:
- мұндағы S1- 1-ші қызмет ақысы
- Q1 – 1-ші қызмет ақысының есептеу көлемі, вагон-шм
- Т1- 1-ші қызмет тарифтік мөлшерлемесі
1-ші қызмет көрсету көлемі:
- QI=(N+Nл)*L жол жүру
- N- вагондар саны
- Nл- Локомотив, вагонға шаққандағы саны -1,5 (6 ось үшін), 1 (4-ось үшін)
- L жол жүру = L ұзақтығы*2
6. Станцияға вагондарды әкету және/немесе бұрын жеткізілген вагондармен маневрлар жасау үшін локомотив «КСО» АҚ жолына бір немесе бірнеше рет келген жағдайда локомотивтің қос бағыттағы жалпы жүрісі үшін («КСО» АҚ жолдарында жүрген нақты әрбір жүрісін қоса алғанда) ақы алынады және әмбебап вагондарға ауыстырумен есептеледі.
7. Тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген тұрақты қоса алғанда, маневрлік тиеу-түсіру және басқа да технологиялық операцияларды жүргізу үшін, кірме жолдарды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі, жолды алып жатқан жылжымалы құрамның санымен және уақытымен бағаланады және вагон-сағатпен өлшенеді.
8. Уәкілетті ұйыммен бекітілген бәсекеге қабілетті кірме жол болмаған жағдайда, тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағын қоса алғанда, басқа да технологиялық операцияларды жүргізу үшін маневрлік, тиеу-түсіруге кірме жолды беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің тарифі - 8,7 теңге.
Қызмет көрсету көлемін есептеу (вагон-сағат)
- S2=Q2*T2
- S2 онда S2- 2-ші қызмет ақысы
- Q2 – 2-ші қызмет ақысының есептеу көлемі, вагон-сағат
- Т2 - 2-ші қызмет тарифтік мөлшерлемесі
