«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да балалар сурет байқауы өтті

2026 жылғы 13 қарашада «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғам (бұдан әрі - «КСО» АҚ) жұмыскерлерінің балалары арасында сурет байқауы өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және корпоративтік дәстүрлерді сақтауға бағытталды.

Іс-шара барысында жас қатысушылар түрлі-түсті бояулармен қиялға толы суреттер салу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шараға қатысушыларының алдында «КСО» АҚ-ның Президенті Әлібеков Сәкен Серікұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ұрпақтар сабақтастығы және теміржолшылардың еңбек дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде кәсіби құндылықтарды, тәжірибені және еңбекке деген құрметті аға буыннан жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар балаларға кәсіпорын ғимаратын таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Олар экскурсия барысында «КСО» АҚ-ның қызметімен және жұмыс ортасымен танысып, ата-аналарының еңбек ететін орны туралы терең мағлұмат алды.

Іс-шара аясында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, жас қонақтардың көңіл күйі көтеріліп, жарқын әсер алды.

Осындай іс-шараларды өткізу корпоративтік және отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақтың теміржолшы мамандығына деген құрметін қалыптастыруға, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты сақтауға ықпал етеді.

Келесі мақала

«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты іс-шара өтті

kkKazakh