Жыл сайын 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күніне орай «Көліктік сервис орталығы» АҚ-да ұжымның ер азаматтарын құттықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қызметкерлерге кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі, өз ісіне адалдығы және Қоғам қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді. Бұл мереке – ерлік пен елжандылықтың, батылдық пен жауапкершіліктің, Отанға адал қызмет етудің айқын белгісі.
«Көліктік сервис орталығы» АҚ барлық ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды және кәсіби жетістіктер, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тілейді.










