«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Қоғам қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан, жоғары кәсіби біліктілігі мен еңбек міндеттерін тиісінше орындауымен ерекшеленген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.
«Үздік маман» корпоративтік байқауының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
- «Бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі үздік оператор» номинациясы бойынша — Көкшетау өңірлік өкілдігінің бастапқы құжаттарды өңдеу жөніндегі операторы Ргебаева Асель Каирбековна;
«Теміржол өткелі бойынша үздік кезекші» номинациясы бойынша — Алматы өңірлік өкілдігінің теміржол өткелі бойынша кезекшісі Сыванов Оралбек Жанымханович;
«Теміржол жолының жағдайы жөніндегі үздік бақылаушы» номинациясы бойынша — Ақтөбе өңірлік өкілдігінің теміржол жолының жай-күйін бақылаушысы Ажигулов Нурлан Молдагалиевич;
«Үздік жол инженері» номинациясы бойынша — Қарағанды өңірлік өкілдігінің жол инженері Жампеисова Әлия Бакытбекқызы;
«Үздік жол шебері» номинациясы бойынша — Жамбыл өңірлік өкілдігінің жол шебері Тлепбергенов Бахытжан Курманбекович;
«Өндірістік учаскенің үздік бастығы» номинациясы бойынша — Қызылорда өңірлік өкілдігінің өндірістік учаске бастығы Турганбаев Серик Купжанович;
«Үздік өңірлік өкілдік» номинациясы бойынша — Астана өңірлік өкілдігі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның салалық наградаларымен Қоғамның келесі қызметкерлері марапатталды:
«Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен — Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас бухгалтері Садыкова Гульшария Мамырбайкызы;
«Үздік мамандар» Құрмет тақтасына енгізіле отырып — Семей өңірлік өкілдігінің өндірістік учаске бастығы Мамырбаев Мурат Несипкамитович;
«Құрмет грамотасымен» — Шымкент өңірлік өкілдігінің өндірістік учаске бастығы Заурбеков Кайсар Мухтарович;
«Алғыс хатпен» — Қаржылық-экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы Искаков Ерлан Серикович;
«Алғыс хатпен» — Шарт тық жұмысты қамтамасыз ету қызметінің менеджері Доспаева Асель Сеилхановна.
Сонымен қатар іс-шара аясында «Көліктік сервис орталығы» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері адал еңбегі, кәсібилігі және Қоғам қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін марапаттарға ие болды.
Салтанатты рәсім қызметкерлердің еңбегіне көрсетілген құрмет пен кәсіби жетістіктерінің мойындалуын айқындап, теміржол саласындағы дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті.









