«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірме жолдардағы жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс қорытындылары

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірме жолдардағы жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыс қорытындылары

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «КСО» АҚ) объектілерінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларына жол берілген жоқ.
Бүгінде «КСО» АҚ теңгерімінде 498 кірме жол есепке алынған, оның ішінде стратегиялық маңызы бар және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелер бар. Жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кірме жолдар маңыздылығы мен пайдалану қарқындылығының дәрежесіне қарай жіктелген.
Жолдың жоғары қабат құрылысы материалдарын (ЖЖҚМ) жаңарту бойынша жол инфрақұрылымының тозуын төмендетуге, теміржол жолдарының сенімділігін арттыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 072 жаңа бағыттамалы брус, 15 жаңа айқастырма, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардың 28 жаңа жөндеу жиынтығы орнатылды.
Инфрақұрылымның одан әрі тозуын төмендету және теміржол жолдарының сенімділігін арттыру мақсатында 2026 жылға жолдың үстіңгі құрылысы материалдарын сатып алу және төсеу көлемі 2025 жылмен салыстырғанда едәуір ұлғайтылды. 2026 жылдың соңына дейін:
20 000 дана ағаш шпал (2025 жылы 9 566 дана сатып алынды, көлемі 2 еседен астам ұлғайтылды); 35 224 дана төсемтабан астына арналған төсем (2025 жылы – 19132 дана); 6 405 дана бағыттамалық брус; 75 дана көпір брусы төселеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар 2026 жылы Ағадыр ПЧМ күштерімен с/г материалдарын пайдалана отырып, 17,2 км көлемінде орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде:
Ақтөбе бойынша 11,3 км жол (100 %) орындалды, оның ішінде 5 126 дана темірбетон шпал, 1 388 дана ГУП-шпал және 1 125 м рельс жолы төселді. Жұмыстар келесі учаскелерде орындалды: Жем станциясы – С. станциясы аралығы – 9,074 км; Дон станциясы, № 23 жол – 1,294 км; Жазық станциясы, Одак ЛТД жолы – 0,926 км.
Биылғы шілдеден бастап НЖС-6 Семей бойынша (РП-5 «Защита») – 5,9 км орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.
Жолдың жоғарғы қабат құрылысы материалдарын жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарын орындау бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар кірме теміржол жолдарының техникалық жай-күйін жақсартуға, жолдың жоғарғы қабат құрылысы элементтерінің тозуын төмендетуге, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға және теміржол көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Көрсетілген іс-шараларды, оның ішінде жолдың жоғарғы қабат құрылысы материалдарын уақтылы төсеуді кешенді түрде орындау «КСО» АҚ-ның кірме теміржол жолдарында теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, ақаулардың туындау қауіптерін төмендетуге және қозғалыс пен маневрлік жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың негізгі нәтижесі – қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларына жол бермеу. Осы орайда одан әрі жүргізілетін жұмыс қол жеткізілген нәтижені сақтауға және теміржол инфрақұрылымының техникалық сенімділік деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталуы тиіс.

kkKazakh