2024 жылғы 9 қыркүйекте «ҚР Құрметті теміржолшысы» Амангелді Қарымсақұлы Тоқжұманов зейнетке шықты.
Амангелді Карымсақұлы өзінің бүкіл еңбек жолын темір жолға арнады. 1980 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Целиноград станциясының төбешігінде кезекші болып бастады, сондай-ақ Державинская станциясы бастығының орынбасары, Арқалық станциясы бастығының орынбасары және Павлодар жол бөлімшесі директорының жүк және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2022 жылы «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның қалыптасу кезеңінде шарттық жұмыстарды қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсету департаментінің директоры лауазымына шақырылып, осы уақытқа дейін сол жерде жұмыс істеді.
Осы айтулы күні құрметті, Амангелді Қарымсақұлы, сізге отбасы бақытын, бақ-береке, өзіңізге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!




