2025 жылғы 28 қарашадағы 102-ОД бұйрығы «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамына 2022-2026 жылдарға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің 2025 жылғы 28 қарашадан бастап күшіне енгенін хабарлаймыз.
Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тариф:
2025 жылға – 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда, вагон/км үшін 161,7 теңге (ҚҚС-сыз);
2026 жылға – 2026 жылғы 1 наурыздан бастап вагон/км үшін 166,6 теңге (ҚҚС-сыз).
Маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке бұйрық өзгеріссіз қалады:
2025 жылға – 2026 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда, вагон/км үшін 17,6 теңге (ҚҚС-сыз);
2026 жылға – 2026 жылғы 1 наурыздан бастап вагон/км үшін 18,1 теңге (ҚҚС-сыз).
Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарайсыз деп үміттенеміз және ынтымақтастығымыздың жалғасқанын тілейміз.
Құрметпен, «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы.



