«Теміржолдағы балалар қауіпсіздігі - 2023» балалар мен жасөспірімдер суретінің онлайн-байқауының қорытындысы

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 2022 жылдың 5 желтоқсанында «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы бойынша «Теміржолдағы балалар қауіпсіздігі – 2023» балалар мен жасөспірімдер суретінің онлайн-байқауы жарияланды.
Байқауға «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының өндірістік учаскелері мен орталық аппараты қызметкерлерінің 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатысты.
Барлық қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінді:
1-санат: 5 жастан 7 жасқа дейінгі балалар;
2-санат: 8 жастан 10 жасқа дейінгі балалар;
3-санат: 11 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.
«Теміржолдағы балалар қауіпсіздігі – 2023» балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн сурет байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін Коммерциялық жұмыс жөніндегі вице-президент М.Н. Махамбеттің төрағалығымен комиссия құрылды.
Комиссия келіп түскен барлық балалар мен жасөспірімдердің суреттерін бағалау бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 2022 жылғы 21 желтоқсанда «Теміржолдағы балалар қауіпсіздігі – 2023» балалар мен жасөспірімдер суретінің онлайн-байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Төменде «Теміржолдағы балалар қауіпсіздігі – 2023» онлайн балалар мен жасөспірімдер сурет байқауының жеңімпаздары көрсетілген.

1-санат (5-7 жас)
1 место — Кенжекул Дания 5 лет, город Тараз
2 место — Есет Аиша 7 лет, город Астана
3 место — Кельбуганов Нурали 6 лет, город Астана

2-санат (8-10 жас)
1-орын — Атаханова Камила 10 жаста, Астана қаласы
2-орын — Құрманбек Бексұлтан 9 жаста, Тараз қаласы
3-орын — Сансызбай Расул 8 жаста, Астана қаласы

3-санат (11-14 жас)
1-орын — Абинева Аиша 11 жаста, Павлодар қаласы
2-орын — Дәулетқазинов Рамис 11 жаста, Астана қаласы
3-орын — Балтабаева Саида 13 жаста, Көкшетау қаласы

Онлайн-байқауға қатысқан «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының өндірістік учаскелері мен орталық аппараты қызметкерлерінің барлық балалары мен немерелеріне қатысу грамоталары табысталды.

 

Алдыңғы мақала

kkKazakh