
Бүгін, 2022 жылғы 17 тамызда «Көліктік сервис орталығы» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасында 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды. Ұжымдық шартқа «Көліктік сервис орталығы» АҚ президенті Б. Аркенов пен «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О. Ахметбаев қол қойды.



