«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы өзіне тиесілі кірме жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін бақылауды күшейтуде

2026 жылдың бірінші тоқсанында «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы теміржол кірме жолдарындағы қозғалыстың операциялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. Өткен кезеңдегі жұмыстың негізгі қорытындысы қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының болмауы болып табылады..
Бүгінгі таңда «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының балансында стратегиялық маңызы бар және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерді қоса алғанда, 476 кірме жол есепке алынған. Жүйелі бақылау жүргізу мақсатында кірме жолдар маңыздылық дәрежесі мен пайдалану қарқындылығына қарай жіктелген.
Жолдың үстіңгі құрылым материалдарын жаңарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында 188 жаңа брус, 13 жаңа айқастырма, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардың 11 жаңа жөндеу жиынтығы төселді.
2026 жылға арналған даму және жөндеу жоспарлары
Инфрақұрылымның тозуын төмендету және жолдардың сенімділігін арттыру мақсатында «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы өткен жылмен салыстырғанда жолдың үстіңгі құрылым материалдарын төсеу көлемін айтарлықтай арттыруда. Атап айтқанда, 2026 жылдың соңына дейін төмендегілерді төсеу жоспарлануда:
• 20 000 ағаш шпал (салыстыру үшін: 2025 жылы 9 566 дана сатып алынған, өсім 2 еседен астам);
• астарлық төсемдер 41 468 (2025 ж. — 19 132 дана);
• 2 699 дана бағыттамалы брустар және 50 көпірлік брустары.
11 км кірме жолға темірбетон шпалдарды ішінара төсеумен және Р-65 типті рельстерді ауыстырумен орташа жөндеуін жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ақауларды жедел жою мақсатында «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының теміржол жолдарына күн сайын бұрын пайдаланылған жолдың үстіңгі құрылым материалдары төселуде.
Бақылау және профилактика
Қозғалыс қауіпсіздігі – бұл үздіксіз процесс. II тоқсанда кірме жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды көктемгі комиссиялық тексеру басталады. Оның қорытындысы бойынша инфрақұрылымның жай-күйіне егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, ықтимал «тар» орындар анықталып, қосымша түзету іс-шаралары әзірленеді.
2026 жылға компания кешенді-техникалық іс-шаралар жоспары бекітілген. Оның орындалуын тұрақты бақылау барлық деңгейде жүзеге асырылады: бөлімше басшылары мен жол шеберлері ай сайын комиссиялық тексерулерге жеке қатысады.
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы инфрақұрылымның сенімділігіне инвестиция салуды жалғастырып, өз клиенттері мен серіктестеріне жылжымалы құрамның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
kkKazakh