«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында іс-шара өткізілді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Көліктік сервис орталығы» АҚ қызметкерлері әкімшілік ғимаратқа іргелес аумақты абаттандыру және санитариялық тазалау жұмыстарына қатысты.
Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, санитариялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, оған іргелес аумақтар ретке келтірілді. Осындай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және таза әрі жайлы ортаны сақтауға ықпал етеді.
«Көліктік сервис орталығы» АҚ тазалық пен аумақтарды абаттандыруға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, қолайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

 

kkKazakh