Ойындағы команда рухы: «Көліктік сервис орталығы» АҚ-да
корпоративтік тимбилдинг өтті
«Көліктік сервис орталығы» АҚ-да боулинг бойынша командалық турнир форматында корпоративтік спорт іс-шарасы өтті.
Жарысқа Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері қатысып, командаларға бөлінді. Қатысушылар турнир барысында серпінді ойын көрсетіп, салауатты бәсекелестік танытты, сондай-ақ командалық рух пен ауызбіршілікті айқын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеңімпаздар мен үздік ойыншылар анықталды.
Іс-шара жылы әрі жағымды атмосферада өтіп, әріптестердің ашық және сындарлы қарым-қатынас орнатуына ықпал етті. Командалық ойын жұмыскерлер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып, ұжымдық рухты арттыруға мүмкіндік берді.
Спорттық және команда құруға бағытталған іс-шаралар ұжымдық өзара байланысты күшейтудің маңызды тетігі. Олар біртұтас корпоративтік рухты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қалыптастыруға ықпал етіп, корпоративтік мәдениетті одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Ортақ нәтиже командадан, ал мықты команда өзара қолдаудан басталады.
«Көліктік сервис орталығы» АҚ
Персоналды басқару тобы










